Жаңа Конституция жобасында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру маңызды бағыттардың бірі ретінде айқындалған. Бұл – азаматтардың өңірлік деңгейде шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Құжатта жергілікті органдардың өкілеттігін арттыру, олардың жауапкершілігін күшейту мәселелері қамтылған. Мұндай қадамдар аймақтардың дамуына тың серпін береді.
Сарапшылардың айтуынша, жергілікті басқару жүйесі тиімді жұмыс істеген қоғамда халық пен билік арасындағы байланыс нығаяды.

