Жаңа Конституция жобасында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға басымдық берілуі – өңірлердің дербестігін арттыруға бағытталған маңызды бастама деп есептеймін.
Әр аймақтың өз ерекшелігі бар, сондықтан жергілікті мәселелерді сол өңірдің тұрғындарына жақын органдар шешкені тиімді. Ұсынылып отырған өзгерістер мәслихаттардың құзыретін кеңейтіп, әкімдердің жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді. Бұл халықтың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін арттырып, қоғамдағы ашықтық пен сенімді нығайтады.
Жергілікті басқарудың күшеюі – азаматтық белсенділікті арттырып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді деп ойлаймын.

