«Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке деген сеніміне нұқсан келтіретін келеңсіз құбылыс. Жемқорлықтың алдын алу үшін заң талаптарын сақтау, адалдық пен әділдікті басты қағидаға айналдыру қажет.
Әрбір азамат қандай жағдайда да пара беруден және пара алудан бас тартып, заң аясында әрекет етуі керек. Сонымен қатар өскелең ұрпаққа адалдықтың маңызын түсіндіріп, олардың бойында әділдік, жауапкершілік және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру маңызды.
Менің ойымша, жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті болуы тиіс. Әр адам өз ісіне адал болып, заңды құрметтеген жағдайда ғана әділетті әрі ашық қоғам қалыптастыра аламыз. Адалдықты өмірлік ұстанымға айналдыру – жарқын болашақтың негізі».


