ҚАЗІРГІ ТАҢДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТҚА КӨШУІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ КҮШЕЮІ ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АЗАЙТУҒА МҮМКІНДІК БЕРІП ОТЫР. СОНЫМЕН ҚАТАР ӘРІ КЕЗ КЕЛГЕН ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚҚА БЕЙЖАЙ ҚАРАМАЙ, АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУ ДА МАҢЫЗДЫ. ӘРБІР АЗАМАТ АДАЛДЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК ҚАҒИДАЛАРЫН ҰСТАНЫП, ҚОҒАМ ИГІЛІГІ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ТАНЫТҚАНДА ҒАНА ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ, ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУҒА БОЛАДЫ.
Асан ауылдық округ әкімі аппаратында үш мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды. Аппарат қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылғандар болған жоқ. Басым бағыттарымыздың бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіруге ерекше назар аудару болып табылады. «Асан ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс жасайды. Басты мақсат – қызмет беруші мен қызмет алушылар арасындағы бетпе-бет қарым-қатынасты болдырмау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою болып табылады. Тұрғындарға жасырын көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ, жасырын мемлекеттік қызметтер көрсетуді болдырмау мәселесі қатаң бақылауда.
Г.ҚАБДЫРАЖИТОВА,
Асан ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы


