Жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсер ететін, заң талаптарын бұзатын әрекет. Оған қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Құрманғазы ауданында жемқорлықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Тұрғындарға пара берудің де, пара алудың да заң алдында жауапкершілікке әкелетіні түсіндіріледі.
Заң талаптарын сақтау, қызметтік міндеттерді адал орындау және жемқорлық фактілеріне немқұрайлы қарамау – әділетті қоғам қалыптастырудың маңызды негізі. Әр азамат заңсыз әрекетке жол бермей, қоғамдағы адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын қолдауы қажет.


