Жемқорлыққа қарсы күрес – әділ қоғамның негізі

(0 Votes)

Жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіріп, халықтың мемлекетке деген сеніміне нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс.

Оған қарсы күрес тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың міндеті деп білемін. Қоғамда адалдық, әділдік пен жауапкершілік қағидаттары берік орныққанда ғана еліміздің дамуы тұрақты болады. Әр адам заң талаптарын сақтап, қандай жағдайда да пара беруден және пара алудан аулақ болуы тиіс. Жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру – болашақ ұрпақ алдындағы маңызды міндет. Заң үстемдігі орнаған, адалдықты ту еткен қоғамда ғана әділдік салтанат құрады.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT