Жеке кабинеттерден шыққан соң аккаунттан міндетті түрде шығыңыз

(0 Votes)

 

Мемлекеттік қызметтерді, интернет-банкингті немесе басқа да онлайн сервистерді пайдаланғаннан кейін аккаунттан шығуды ұмытып кету жеке мәліметтердің қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін. Әсіресе ортақ компьютерлерде немесе өзіңізге тиесілі емес құрылғыларда жұмыс істеген кезде бұл ережені сақтау маңызды.

Мамандар жұмыс аяқталған соң міндетті түрде аккаунттан шығып, браузерде сақталған құпиясөздерді өшіруге кеңес береді. Сонымен қатар белгісіз құрылғылар арқылы маңызды операциялар жүргізбеу ұсынылады.

Цифрлық қауіпсіздік – күнделікті қалыптасатын әдеттердің жиынтығы. Қарапайым сақтық шаралары жеке ақпаратты қорғауға көмектеседі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT