Қазіргі таңда цифрлық технологиялардың дамуына байланысты жеке деректердің қауіпсіздігі маңызды мәселеге айналып отыр. Көптеген азаматтар әлеуметтік желілерде немесе түрлі интернет платформаларда өз мәліметтерін жариялап жатады. Алайда мұндай ақпараттар алаяқтардың қолына түсіп, заңсыз мақсатта пайдаланылуы мүмкін.
Ақпараттық қауіпсіздік саласының мамандары азаматтарды жеке құжаттардың көшірмесін, банк карталарының деректерін және құпия сөздерді бөгде адамдарға бермеуге шақырады. Сонымен қатар күмәнді сілтемелерге өтпеу және аккаунттарды қосымша қорғаныс жүйелерімен қорғау маңызды.
Сарапшы Руслан Жұмабековтің айтуынша, жеке деректерді қорғау әр азаматтың жауапкершілігін талап етеді.
— Қазіргі кезде интернет арқылы жасалатын құқық бұзушылықтар көбейіп келеді. Сондықтан азаматтар жеке мәліметтерінің қауіпсіздігіне мұқият қарауы қажет, — дейді маман.

