Қазіргі цифрлық дәуірде азаматтардың жеке деректері ерекше қорғауды қажет етеді. Телефон нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі, банк картасының мәліметтері мен SMS арқылы келетін растау кодтары бөгде адамның қолына түссе, түрлі заңсыз әрекеттерге пайдаланылуы мүмкін.
Мамандар азаматтарды жеке мәліметтерін ешкімге бермеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және белгісіз адамдардың өтініші бойынша банк қосымшалары арқылы операциялар жасамауға шақырады. Сонымен қатар барлық маңызды аккаунттарға екі факторлы қорғаныс орнату қауіпсіздікті күшейтеді.
Ақпараттық қауіпсіздік қарапайым сақтықтан басталады. Өз деректерін қорғауға жауапкершілікпен қараған адам көптеген қауіптің алдын алады.

