Жеңіл өнеркәсіптің соңғы бес жылдағы тұрақты дамуы – отандық өндірісті қолдаудың нақты нәтижесі деп білемін.
Өндіріс көлемінің артуы, мақта өңдеу көрсеткіштерінің өсуі және дайын өнім шығарудың көбеюі саланың әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау кәсіпорындардың жаңаруына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына оң әсер етуде.
Алдағы уақытта да қазақстандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі артып, саланың дамуы жалғасады деп ойлаймын.

