Велосипед пен электр самокаты күнделікті қатынас құралына айналып келеді. Алайда жаяу жүргіншілер өткелінен өткен кезде қауіпсіздік талаптарын сақтау аса маңызды.
Мамандар мұндай жерлерде жылдамдықты азайтып, қажет болған жағдайда велосипедтен түсіп өтуге кеңес береді. Бұл жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жолдағы түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алады.
Жол қозғалысы ережелерін сақтау – барлық жол қозғалысына қатысушылардың ортақ міндеті. Өзара құрмет пен жауапкершілік қауіпсіз қозғалыстың негізі болып табылады.

