СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ҚАТЫСТЫ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ ЕНГІЗІЛГЕН БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ДА ТІКЕЛЕЙ ҚАТЫСТЫ, ӨЙТКЕНІ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ АРҚЫЛЫ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТӨЛЕНУІ, МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ТІРКЕЛУІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БАҚЫЛАНАДЫ. 2025 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП «МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ – САТЫП АЛУ РӘСІМДЕРІНІҢ АШЫҚТЫҒЫН АРТТЫРУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ТӨМЕНДЕТУ.
Әсіресе бір көзден сатып алуды шектеу, сатып алу рәсімдерін цифрландыру, жеткізушіні таңдаудың ашықтығын арттыру, негіздемелер мен құжаттарға қойылатын талаптарды күшейту, бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алу бағыттары ерекше маңызға ие. Мүдделер қақтығысына қатысты талаптар да күшейтілді. 2026 жылғы 12 маусымда №311-VIII заң қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға маңызды өзгерістер енгізілді. Енді мүдделер қақтығысы әлеуетті мүдделер қақтығысы, нақты мүдделер қақтығысы орын алған мүдделер қақтығысы деп нақты ажыратылып, әр жағдай бойынша әрекет ету тәртібі белгіленді. Бұл қазынашылық және мемлекеттік мекеме қызметкерлері үшін өте маңызды. Соңғы өзгерістер бойынша мемлекеттік орган басшыларының бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бергені үшін жауапкершілігі күшейтілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және талдау жүйесі жақсарды.
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бойынша мерзім ұзартылды. 2026 жылғы өзгерістерге сәйкес жеке тұлғаларды сыбайлас жемқорлыққа байланысты әкімшілік
жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейін өсті. Бұл бұрын жасырын қалған құқық бұзушылықтарды кейінірек анықтауға мүмкіндік береді. Сондайақ пара беруге уәде ету, ұсыну, параны талап ету үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді. Бұл нормалардың бір бөлігі 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қысқаша айтқанда соңғы заңнамалық өзгерістердің негізгі бағыты – құқық бұзушылық жасалғаннан кейін жазалау емес, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тәуекелді анықтау және мемлекеттік қаражаттың қозғалысын барынша ашық ету.
Маншүк ҒҰМАРОВА,
аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасының бас маман - бас қазынашысы


