Құрманғазы аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен биыл «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының ХХІІ маусымы өз жұмысын бастады. Бұл жоба жастарды еңбекке баулып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.
Биылғы маусымның ерекшелігі – бағдарламаны Қарағанды облысындағы «Нұрлы жүрек» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Г. Кентаева ұтып алып, жүзеге асыруда. Жобаға 16-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар, студенттер мен оқушылар қатыса алады.
Аудан бойынша биыл 170 жасқа квота бөлініп, олар 19 округке жіберіледі. Әр қатысушы бір ай көлемінде еңбек етіп, еңбекақы алады.Айлық жалақы мөлшері 85 мың теңгені құрайды. Заңнамаға сәйкес салық пен міндетті аударымдар ұсталғаннан кейін жастардың қолына шамамен 75 мың теңге беріледі.
«Жасыл ел» сарбаздары арнайы жұмыс киімдерімен, еңбек құралдарымен, қолғаптармен және қоқыс жинауға арналған қапшықтармен толық қамтамасыз етіледі. Олар елді мекендердіабаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауданның көркеюіне өз үлестерін қосады. Жаңа орта, жаңа достар табады. Жаз мезгілінде жастарымыз уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында жүзеге асып отырған бағдарлама. Сарбаздар үш маусымға бөлініп жұмыс жасайды. Маусым, шілде, тамыз. Маусым айында 5 округ өз жұұмысын бастады. Құрманғазы ауылы орталық, Сафон, Көптоғай, Бірлік, Теңіз ауылдық округтері қазіргі таңда 44 сарбазбен жұмыстарын бастады.
Туған жердің тазалығы мен табиғатын қорғау – әр азаматтың ортақміндеті. Сондықтан «Жасыл ел» жобасы жастардың еңбекке деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға деген қамқорлық сезімін қалыптастырады. Бірлескен еңбектің арқасында ауданымыз одан әрі көркейіп, таза әрі жайлы мекенге айналары сөзсіз.
Құрманғазы аудандық жасыл ел жастар еңбек жасағының координаторы Иргазиева Дархан Муратовна.

