Табиғат – адам өмірінің ажырамас бөлігі. Сондықтан қоршаған ортаға қамқорлық жасау бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі саналады. Таза әрі көрікті орта адамдардың денсаулығына, көңіл күйіне және өмір сүру сапасына оң әсер етеді.
Экологиялық мәдениет тек сенбіліктер кезінде емес, күнделікті өмірде де көрініс табуы тиіс. Әр тұрғын өз ауласын таза ұстап, табиғатты қорғауға атсалысса, ауылдың да келбеті көркейе түседі.
Табиғатты қорғау – өзіміз үшін де, келешек ұрпақ үшін де жасалған игі іс. Сондықтан әрбір игі бастамаға бейжай қарамай, ортақ іске үлес қосу маңызды.
— Аңсар Нұрболатқызы, ауыл тұрғыны

