Құрманғазы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жастардың қатысуымен кезекті тазалық шарасы ұйымдастырылды. Акция барысында еріктілер мен белсенді жастар аудан аумағындағы қоғамдық орындарды тазалап, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстарға атсалысты.
Шара кезінде саябақтар мен тұрғын үйлер маңындағы аумақтар ретке келтіріліп, бейберекет жатқан қоқыстар жиналды. Қатысушылар тазалықты сақтау тек сенбілік күндері ғана емес, күнделікті өмір салтына айналуы керектігін атап өтті.
Осындай игі бастамалар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етуде.
— Қанат Ғұмаров, журналист

