Жаңа Конституция жобасында жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге басымдық берілген. Бұл-елдің болашағын қалыптастыратын жас буынды қолдаудың маңызды тетігі.
Құжатта жастарды біліммен, жұмыспен қамтуға жағдай жасау және олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын арттыру қарастырылған. Мұндай бастамалар жаңа идеялар мен жаңашылдықтың дамуына ықпал етері анық.
Мамандардың пікірінше, жастар әлеуеті толық ашылған мемлекетте тұрақты даму мен прогресс қамтамасыз етіледі.



