Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Мамандардың айтуынша, жастар арасында тәртіп бұзу, қоғамдық орындарда бейәдеп әрекеттер жасау немесе заң талаптарын елемеу жағдайлары кездесіп жатады. Мұндай әрекеттердің алдын алу үшін құқықтық түсіндіру жұмыстары мен тәрбиенің маңызы зор.
Әсіресе әлеуметтік желінің әсері мен бос уақытты дұрыс ұйымдастырмау жасөспірімдердің теріс ортаға еруіне себеп болуы мүмкін. Сондықтан ата-аналар мен білім беру ұйымдары тарапынан бақылау мен түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуі қажет.
Журналист Мадина Ерболатқызының пікірінше, жастар тәрбиесі қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі.
— Қазіргі кезде жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру өте маңызды деп ойлаймын. Себебі тәртіп пен жауапкершілік бала кезден қалыптасады. Жастар заңды құрметтеп өссе, қоғамда да тұрақтылық болады, — дейді ол.
Мамандардың айтуынша, құқықтық сауаттылық пен дұрыс тәрбие – құқық бұзушылықтың алдын алудың негізгі жолдарының бірі.

