Жасөспірімдер қауіпсіздігі – басты міндет

(0 Votes)

Ақкөл жалпы орта мектебінің 9–11 сынып оқушыларының ата-аналарымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілетін кештер, банкеттер, автокортеждер, «таңды қарсы алу» және табиғат аясындағы іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынғаны айтылды. Сонымен қатар оқушылардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз сыртта жүрмеуі, зиянды әдеттерден аулақ болуы, көлік құралдарын басқармауы және құқық бұзушылыққа жол бермеу мәселелері түсіндірілді.

Сондай-ақ синтетикалық есірткінің зияны, құқықтық жауапкершілік және жасөспірімдердің өмір қауіпсіздігі, жол қозғалысы, өрт және су қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT