Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында оқушыларға зорлық-зомбылықтың түрлі көріністері, өз құқықтарын білу, жеке бас қауіпсіздігін сақтау және қиын жағдайға тап болған кезде тиісті органдардан көмек сұрау жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеу, өзара сыйластық пен жауапкершіліктің маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шараны Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы Гаухар Кульжанова өткізді.
Осындай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қауіпсіздікке саналы көзқарас пен зорлық-зомбылыққа қарсы берік ұстаным қалыптастыруға бағытталған.
Қауіпсіз балалық шақ – жарқын болашақтың кепілі!


