Балалардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу. Ағымдағы жылдың қараша айының 4-11 күндері аралығында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алуға, жасөспірімдер қылмыстылығының профилактикасына және балалардың қауіпсіздігің қамтамасыз етуге бағытталған " Жанқя және бала" жедел профилактикалық іс шарасы өткізілуде.
Іс шара аясында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда, көшелерде, жастар көп шоғырланатын жерлерде рейдтік іс шаралар жүргізіліп,сонымен қатар ойын сауық орындарында кәмелетке толмағандарға қатысты заңнама талаптарының сақталуы тексерілуде.
Іс шараның басты мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтап, жолын кесу ғана емес, олардың алдын алу, балардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай - ақ олардың өмір сүруімен дамуына қауіпсіз жағдай жасау.
Түнгі сағат 23:00 ден кейін тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілінсіз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ата- аналарына Құрманғазы АПБ ҚҚБ УПИ полиция аға лейтенанты Б. Қадырбаев және де Құрманғазы ППБ ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция майоры А. Муханбеткалиеваның қатысуымен заңды өкілдерінің бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуге,олардың араласатын ортасы мен бос уақыттарын қадағалауын, қайда жүргендерінен хабардар болып отыруларына назар аударуға шақыртылды.
Басты мақсат: Құқық бұзушылықты алдын алу, кемшіліктерге жол бермеу.


