Кәмелетке толмағандармен жасалатын құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында облыс аумағында 2026 жылдың қараша айының 4-11 күндері аралығында “Жанұя және бала” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде!
Осыған орай, 04.11.2026 жылы Құрманғазы АПБ-нің Ақкөл полиция бөлімшесінің бастығы полиция капитаны О.Сдыхов, Құрманғазы АПБ-нің ҚҚБ-нің УПИ полиция капитаны М.Сахташов, ЮПТ аға УПИ полиция майоры А.Жексенбаеваның қатысуымен Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің 8-11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдердің бойында жауапкершілік, әдептілік, сабырлылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, өз ісіне жауап беру және құқықтық сауаттылық** қасиеттерін қалыптастыру.
Іс-шара барысында Құрманғазы АПБ-нің ЮПТ-ның аға УПИ полиция майоры Жексенбаева Арайлым Жексенбаевна мектептегі тәртіп пен қауіпсіздік, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу, буллинг пен әлімжеттіктің зияны, сондай-ақ, түнгі мезгілде ата-анасыз көшеде жүрмеу, ойын-сауық мекемелерінде болмауы, мүлдем автокөлік, мотокөлік, мопед, электросамокаттарды басқармау, алкоголь өнімдерін ішпеу, темекі бұйымдарын тұтынбау, шанышпалы-кесетін, үшкір бұйымды заттарды өздерімен алып жүрмеу, жаппай төбелесті болдырмау, ұрлық қылмыстарының алдын-алу бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.
Жиында Құрманғазы АПБ-нің Ақкөл полиция бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Сдыхов Олжас Мәдениетұлы оқушыларға есірткінің оның ішінде синтетикалық түрлеріне деген сұраныстың қазіргі уақытта көптеп орын алуы салдарынан, осы бағыттағы құқық бұзушылықтар және синтетикалық есірткі қолданушылар, жасырын әдістері арқылы сақтау және сатумен айналысатын жастар, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандар анықталуына байланысты құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, интернетте және әлеуметтік желілерде қауіпсіздік ережелерімен таныстыра отырып, үй мекен-жайы, оқитын мектебіңіз, телефон нөмірі, жеке құжаттар, банк карталары, әдепсіз фотолар, жаман сөздер мен қорлау сөздерді жариялауға болмайтынын айта келіп, интернет алаяқтықтың алдын-алу және интернет кеңістігінде таралатын діни мазмұндағы ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалау, күмәнді ақпарат көздерінен сақтану бойынша профилактикалық түсінік жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Сахташов Мейрамбек Мәдиұлы жасөспірімдерге қоғамдық орындардағы мінез-құлық әдебі туралы түсіндіре келіп, оқушыларға “Қауіпсіз үй” жедел профилактикалық іс-шарасы аясында, тұрғын үйлердегі табиғи газды, электр тоқтарын пайдалану бойынша қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, сондай-ақ мұз айдындарындағы қауіпсіздік, бұралқы иттерден қорғану бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді.


