Жалған инвестицияға сенудің салдары ауыр

(0 Votes)

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде «аз уақытта көп табыс табуға болады» деген жарнамалар көбейіп кетті. Алаяқтар өзін инвестициялық компания немесе қаржы маманы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын иемденудің түрлі тәсілдерін қолдануда. Өкінішке қарай, жеңіл табысқа сенген адамдардың арасында қаржысынан айырылып жатқан тұрғындар аз емес.

Қаржылық шешім қабылдамас бұрын ақпараттың шынайылығын мұқият тексеру маңызды. Кез келген инвестициялық ұсыныс заңды әрі ресми тіркелген ұйым арқылы жүзеге асырылуы қажет.

Мадина Ерболатқызы, журналист:

– Қазір интернетте жалған инвестициялық жобалар көбейіп кетті. Көпшілік жоғары табыс туралы уәдеге сеніп қалып жатады. Сондықтан азаматтар қаржылық сауаттылыққа мән беріп, кез келген ұсынысты мұқият тексергені жөн деп ойлаймын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT