Жалған ақпаратқа сену қауіпті

(0 Votes)

Әлеуметтік желілерде жалған ақпараттың таралуы соңғы уақытта өзекті мәселеге айналды. Тексерілмеген хабарламалар кей жағдайда адамдар арасында үрей туғызып, қоғамда түсініспеушілікке себеп болуда. Әсіресе түрлі мессенджерлер арқылы тарайтын жалған мәліметтер көпшілікті шатастырып, жалған пікір қалыптастыруға әсер етеді.

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда ақпарат өте жылдам тарайтындықтан, кез келген мәліметті ресми дереккөздер арқылы тексеру маңызды. Кей жағдайда әлеуметтік желідегі жалған ақпарат қоғамдық тұрақтылыққа да кері әсерін тигізуі мүмкін.

Медиа сарапшының сөзінше, ақпараттық сауаттылық – қазіргі қоғам үшін аса қажет дағдының бірі.

— Көп адам әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа бірден сеніп қалады. Алайда әр мәліметтің рас-өтірігін тексеру қажет. Ресми ақпарат көздеріне жүгіну және фейк жаңалықтарды таратпау — қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік, — дейді сарапшы.

Мамандар жалған ақпараттың алдын алу үшін халықтың медиасауаттылық деңгейін арттыру маңызды екенін айтады. Тексерілмеген хабарламаларды тарату заң алдында жауапкершілікке де әкелуі мүмкін. Сондықтан ақпаратты саналы түрде пайдалану – заң мен тәртіпті сақтаудың маңызды бөлігі.

 

Мадина Ерболатқызы, тілші

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT