Тазалық пен абаттандыру бағытындағы бастамалардың қоғамға берері мол. Олар айналаны ретке келтірумен қатар, адамдарды ортақ іске жұмылдырып, қоршаған ортаға деген көзқарасты өзгертеді.
Меніңше, ең маңыздысы – мұндай жұмыстарды белгілі бір кезеңмен шектемей, күнделікті әдетке айналдыру. Сонда тазалық әр адамның жеке жауапкершілігіне айналып, оның нәтижесі ұзақ уақыт сақталады.


