Бүгін Құрылтайдың алғашқы отырысы басталды. Жалпы Құрылтайға сайлау науқаны мазмұнды, ашық, бәсекеге қабілетті, өркениетті түрде өткеніне куәміз.
Сайлау қорытындысымен «Әділет» партиясы – 110, жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 8, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 10, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8, «Respublica» партиясы – 9 мандат иеленіп отыр. Құрылтайға бес жылға сайланатын 145 депутат кірді. Көп нәрсе партиялардың өз бағдарламаларын жүзеге асыруына байланысты ғой.
Мемлекет басшысы өз сөзінде сайлаудың мәні мен маңызына ерекше екеніне тоқталды. Партиялардың өз әлеуетін толық көрсеткенін атап өтті. «Олардың ұсыныстары жұртшылықтың назарын аударады. Әр партияның өз бағдарламасы, идеологиясы бар. Бұл Құрылтай сайлауының жетістігі деп бағалауға болады.
Болашақта партиялардың билік жүйесіндегі рөлі күшейе түседі. Олардың маңызды ұсыныстары Үкіметтен қолдау табады, жүзеге асады» деген Президентіміз Құрылтайдың құрамына айырықша міндет жүктелетініне, депутаттардың халық мүддесіне қызмет ететініне, көп дауыс жинаған «Әділет» партиясына үміт пен сенім жоғары екеніне назар аудартты.
Жаңа Құрылтай әлеуметтік маңызды мәселелерді шешіп, халықтың әл-ауқатын жақсартуына, еліміздің өсіп-өркендеуіне қызмет етеді деген үміттемін.
Жұмақай Ғұмаров,
Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы.


