Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі

(0 Votes)

Бұл – еліміз үшін аса маңызды тарихи шешім. Мемлекет басшысының Ата заңға қол қоюы – халықтың бірлігі мен болашаққа деген сенімінің айқын көрінісі. Бұл қадам ел өмірінде жаңа кезеңнің басталғанын аңғартады.

Жаңа Конституция – қоғамдағы әділдік, заң үстемдігі және азаматтардың құқықтарын қорғаудың негізгі кепілі. Оның қабылдануы ел дамуына тың серпін беріп, мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайта түседі. Бұл өзгерістердің барлығы елдің тұрақтылығы мен өркендеуіне бағытталған маңызды бастама деп есептеймін. Конституцияның 1 шілдеден бастап күшіне енуі және Конституция күнінің ұлттық деңгейде атап өтілуі – оның маңыздылығын арттыра түседі. Әрбір азамат үшін Ата заңның орны ерекше, сондықтан бұл күн ел жадында маңызды мереке ретінде сақталатыны анық.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT