Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік іргетасы

(0 Votes)

Еліміздің жаңа Конституциясы – ел тарихындағы маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардың бірі. Бұл құжат мемлекет дамуының жаңа бағытын айқындап, демократиялық қағидаттарды нығайтуға және халықтың билікке деген сенімін арттыратын болады.

15 наурызда өткен референдеум қорытындысы негізінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Жаңа Конституцияны қабылдау – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру деген сөз. Бұл – дұрыс пен бұрысты тани білетін, жақсы мен жаманның ара-жігін ажырата алатын, кемеліне жеткен жұрттың ғана қолынан келетін іс. Жаңа Конституция елдігіміздің тірегі, егемендігіміздің тұғыры болады. Оның әр нормасы, әр тармағы Тәуелсіздігімізді нығайта түседі. Әділдік қағидаты бас құжаттың өзегіне айналды. Сондықтан жаңа Ата заңды Әділетті Қазақстанның төлқұжаты десек, қателеспейміз. Мен ел Президенті және Конституция кепілі ретінде бас құжаттағы ережелердің мүлтіксіз орындалуы үшін бар күш-жігерімді саламын. Жаңа Конституциямызға сәйкес адал қызмет етуге серт беремін. Еліміз әрқашан өсіп-өркендей берсін! Қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасы мәңгі жасасын, - деді Президент.

Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы – елдің саяси жаңғыруын қамтамасыз ететін, әділетті әрі жауапты қоғам қалыптастыруға бағытталған стратегиялық құжат. Ол халықтың еркімен қабылданып, мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол ашты. Жаңа Конституцияны қолдау – Әділетті Қазақстанды бірге құру жолындағы ортақ міндет. Ауданның ардагерлері мен зиялы қауымы бүкіл халық болып қабылдаған жаңа Ата Заңды қолдайды деп сендіремін.

Жұмақай Ғұмаров, 
Құрманғазы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT