Түркі мемлекеттері саммитіне барған Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкараның халықаралық әуежайында Түрік елінің басшысы Реджеп Таийп Эрдоган аса зор құрметпен қарсылады.
Екі елдің Әнұраны ойналып, 21 мәрте отшашу атылды. Мұның өзі бауырлас түрік халқының біздің елімізге деген ыстық ықыласы деп білемін. Мемлекет басшысы «Бештепе» саябағында Түркі әлемі аллеясын ашып, Қазақстанның ұлттық павилонында саммитке қатысушы мемлекеттерге ұлттық құндылықтарымыз таныстырылып отыр. «Тоғыз түркі түбі бір – түп атасы көкбөрі» дегендей мұндай қарым-қатынастар түркі тілдес елдердің өзара байланысының нығая түсуіне, бірлесе дамуына жол ашады.
Қанат Ғұмаров


