Заң мен тәртіп – елдегі тұрақтылық пен қоғамдық қауіпсіздіктің басты кепілі. Қоғамның тыныштығы әр азаматтың заң талаптарын сақтап, өз міндеті мен жауапкершілігін түсінуінен басталады.
Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бағытындағы жұмыстардың маңызы зор. Әсіресе жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттырып, заңды құрметтеуге, тәртіпті сақтауға және жауапкершілікпен әрекет етуге тәрбиелеу – ортақ міндет.
Әрбір азамат қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, айналасындағылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуі қажет. Заң бұзушылыққа бейжай қарамай, оның алдын алуға үлес қосу – қоғам алдындағы азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Заң бәріне ортақ. Сондықтан заң талаптарын сақтау арқылы біз өзіміздің ғана емес, айналамыздағы адамдардың да қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз.
Заңға құрмет – тәртіптің бастауы, ал тәртіп – тұрақты әрі қауіпсіз қоғамның негізі!
Гулдана Серікбай


