Заң мен тәртіп – кез келген мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының негізгі тірегі. Әр азамат заң талаптарын сақтап, өз құқықтары мен міндеттерін терең түсінсе, қоғамда өзара сыйластық пен әділдік салтанат құрады. Бүгінде елімізде заң үстемдігін қамтамасыз етуге, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Мұндай бастамалар қоғамдағы жауапкершілікті арттырып, жастарды адалдыққа, тәртіпке және Отанға деген құрметке тәрбиелейді. Заңды құрметтеу – әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы.
Нұрайым ҚАЙРАТ

