Заңға бағыну – саналы қоғамның белгісі

(0 Votes)

«Заң мен Тәртіп» қағидаты – қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басты негізі деп есептеймін. Әр азамат заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қараса, еліміздің дамуына да өз үлесін қосады. Заңды құрметтеу – тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, ол әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналуы қажет.

Бүгінде құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуы халықтың құқықтық сауатын арттыруға оң әсерін тигізіп келеді. Әсіресе жастардың заңды біліп, өз құқықтары мен міндеттерін түсінуі маңызды. Қоғамдағы тәртіп әр адамның өзінен басталады. Сондықтан заңға бағыну мен қоғамдық тәртіпті сақтау – бәріміздің ортақ міндетіміз.

Нұрланбек ӨТЕБОЛАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT