Заң мен тәртіп – тұрақты әрі қауіпсіз қоғамның басты негізі. Қоғамдық тәртіпті сақтау тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Заң талаптарын сақтау, қоғамдық орындарда тәртіп бұзбау, жол қауіпсіздігі ережелерін орындау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Тәртіп бар жерде қауіпсіздік пен өзара сыйластық қалыптасады. Сондықтан әрқайсымыз заңды құрметтеп, өз құқығымызбен қатар, өз міндетімізді де білуіміз қажет деп ойлаймын.
Рахимова Мейрамгүл


