Заңды білу — әр азаматтың міндеті

сурет ашық дереккөзден
(0 Votes)

«Заң мен тәртіп» тақырыбы маған азаматтық жауапкершіліктің маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Әрбір адам өз құқығын біліп қана қоймай, өз міндеттерін де орындауы қажет.

Заңды білу түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алуға, дұрыс шешім қабылдауға және өз құқықтарымызды қорғауға көмектеседі. Әсіресе жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру маңызды деп ойлаймын. Себебі бүгінгі жас ұрпақ — ертеңгі ел болашағы. Біз үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болып, қоғамдық тәртіпті сақтап, өз әрекетімізге жауап бере білуіміз керек. Заң талаптарын сақтау қорқыныштан емес, саналы түсінік пен азаматтық ұстанымнан туындауы тиіс. Осындай түсінік қалыптасқан кезде қоғамда әділдік пен өзара құрмет нығаяды.

Айбекова София

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT