Заң мен тәртіп – елдің тұрақты дамуы мен қоғамдық қауіпсіздігінің негізгі кепілі.
Заң талаптарының мүлтіксіз сақталуы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап қана қоймай, қоғамдағы өзара сенім мен жауапкершілікті нығайтады.
Бүгінде Қазақстанда заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл іске мемлекеттік органдармен қатар, әрбір азаматтың белсенді ұстанымы мен заңға деген құрметі де ерекше маңызды. Заңға бағыну – әр азаматтың азаматтық борышы.
Қоғамдық тәртіпті сақтау, өз құқықтарыңмен қатар өзгелердің де құқықтарын құрметтеу – қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптастырудың басты шарты.
Заң мен тәртіп салтанат құрған елде бірлік пен тұрақтылық нығайып, мемлекетіміздің дамуына берік негіз қаланады деп есептеймін.

