Құқықтық мемлекет құрудың басты шарты – заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Заң бәріне бірдей талап қойып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қызмет етеді. Сондықтан әрбір адам заңды құрметтеп, қоғамдық тәртіпті сақтауды өзінің азаматтық борышы деп қабылдауы қажет. Заңға бағыну тек құқық бұзушылықтың алдын алуға ғана емес, қоғамдағы өзара сенім мен тұрақтылықты нығайтуға да ықпал етеді. Заң мен тәртіп қағидаты берік орныққан кезде ғана елдің тұрақты дамуына және әділетті қоғамның қалыптасуына жол ашылады.
Жарлығасов Әспенби, заң саласының ардагері

