Заң мен тәртіп – ел тыныштығының басты кепілі

(0 Votes)

Заңның үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі шарттарының бірі.

Заң талаптарын мүлтіксіз орындау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – баршамызға ортақ міндет.

Қоғамда заң мен тәртіптің сақталуы тұрғындардың қауіпсіз өмір сүруіне, өзара сенім мен жауапкершіліктің артуына ықпал етеді. Әрбір азамат заң талаптарын құрметтеп, құқық бұзушылықтың алдын алуға атсалысқан жағдайда ғана әділетті әрі берекелі қоғам қалыптасатыны белгілі. 

Бүгінде елімізде құқықтық сауаттылықты арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл бастамалар азаматтардың заңға деген құрметін қалыптастырып, қоғамдағы тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Заңға бағыну – әр азаматтың азаматтық борышы. Тәртіпке бағынған қоғамда ғана тұрақтылық, қауіпсіздік және елдің жарқын болашағы қамтамасыз етіледі деп ойлаймын. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT