Құқықтық мемлекет құрудың басты шарты – заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Заңға бағынатын, қоғамдық тәртіпті сақтайтын қоғамда тұрақтылық пен өзара сенім нығайтады.
Бүгінде «Заң мен тәртіп» қағидаты азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қауіпсіз қоғамдық орта қалыптастыруға бағытталған. Әрбір азамат заң талаптарын мүлтіксіз орындап, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауы қажет.
Заңды құрметтеу – өзіңді, өзгені және елдің болашағын құрметтеу. Тәртіпке бағынған қоғамда береке бар, ал әділдік салтанат құрған мемлекетте даму мен өркендеу тұрақты болады. Әділетті Қазақстан – заң мен тәртіпті құрметтеуден басталады.

