Заң — қоғам тұрақтылығының негізі

(0 Votes)

«Заң мен тәртіп» тақырыбындағы іс-шарадан көптеген пайдалы мәлімет алдым. Заңды сақтау — әрбір азаматтың міндеті және қоғам алдындағы жауапкершілігі екенін түсіндім.

Қоғамда тыныштық пен қауіпсіздіктің болуы әр адамның өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауына байланысты. Заңды құрметтеу, өзгенің құқығын бұзбау, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және айналамыздағы адамдарға құрмет көрсету — мәдениеттіліктің белгісі. Менің ойымша, тәртіпті қоғам қалыптастыру үшін әр адам ең алдымен өзінен бастауы керек. Заңға бағыну арқылы біз өз құқығымызды ғана емес, басқа адамдардың да құқықтарын қорғаймыз. Сондықтан заң мен тәртіпті сақтау — жарқын болашақтың кепілі.

Бралиева Гулдана

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT