Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде тыныштық сақтау мәдениетінің маңызы зор. Әсіресе көпқабатты тұрғын үйлерде кешкі және түнгі уақытта қатты шу шығару тұрғындардың наразылығын тудырып жатады. Мұндай жағдайлар адамдардың демалуына кедергі келтіріп, тұрмыстық жанжалдарға себеп болуы мүмкін.
Мамандардың пікірінше, тыныштық сақтау тек заң талабы ғана емес, қоғамдағы өзара сыйластықтың белгісі. Әр адам айналасындағы тұрғындардың тыныштығын құрметтеуі қажет.
Әлеуметтанушы маман айтуынша, мәдениетті қоғам қарапайым ережелерден басталады.
— Көршілердің құқығы мен тыныштығын сыйлау қоғамдағы татулықты нығайтады. Сондықтан әр азамат қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауы тиіс, — дейді маман.

