Туған жердің тазалығын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Туған жердің тазалығын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Таза көше, көрікті ауыл, жасыл желек пен мөлдір су – қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Осындай игі бастамалар арқылы тұрғындар табиғатты қорғаудың маңызын терең түсініп, туған өлкесінің көркеюіне өз үлестерін қосуда. Әсіресе, жастарға қоршаған ортаны таза ұстауды үйретіп, табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттау аса маңызды. Тазалық әр адамның өз ауласынан, өз көшесінен басталады. Сондықтан барша тұрғындарды тазалық шараларына белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғауға және туған жеріміздің көркеюіне үлес қосуға шақырамын. Таза Қазақстан – таза болашақтың кепілі!

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT