«Таза Қазақстан» акциясы – барша тұрғындарды ортақ іске жұмылдыратын игі бастама.
Қоршаған ортаның тазалығы – тек коммуналдық қызметкерлердің ғана емес, барлық азаматтардың ортақ жауапкершілігі. Әрқайсымыз қоқысты белгіленген орынға тастап, табиғатқа жанашырлық танытып, өз ауламыз бен көшеміздің тазалығына көңіл бөлуіміз қажет.
Тазалыққа деген дұрыс көзқарас ең алдымен отбасынан басталады. Үлкендер жас ұрпаққа үлгі көрсетіп, табиғатты аялауға және қоғамдық орындарды таза ұстауға тәрбиелеуі маңызды. Осындай қарапайым игі істер арқылы біз туған өлкеміздің көркеюіне өз үлесімізді қоса аламыз.
Оразғалиева Ақмарал


