Туған жердің тазалығы – әр азаматтың парызы

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Мен бұл акцияның ең басты ерекшелігі – адамдарды ортақ іске жұмылдырып, туған жерге деген жанашырлықты арттыруында деп санаймын.

Тазалық тек сенбіліктермен шектелмеуі керек. Әр тұрғын қоқысты кез келген жерге тастамай, айналасын таза ұстап, табиғатты қорғауға өз үлесін қосса, үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады. Құрманғазы ауданының табиғаты – баршамызға ортақ байлық. Оны сақтау – бүгінгі буынның міндеті. Осындай акциялар арқылы тұрғындардың жауапкершілігі артып, экологиялық мәдениет қалыптасады. Ал таза әрі көрікті ауыл – сол жерде тұратын халықтың мәдениеті мен ұйымшылдығының айқын көрсеткіші деп есептеймін. Сондықтан бұл бастамаға әр адам қолдау білдіріп, белсенді қатысуы қажет.

Зухра ӨТЕБОЛАТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT