Туған жердің тазалығы – ортақ жауапкершілігіміз

(0 Votes)

Қоршаған ортаның тазалығы – қоғамның мәдениеті мен азаматтардың жауапкершілігін көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылатын тазалық жұмыстары тұрғындарды ортақ мақсатқа жұмылдырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырады. Әрбір адам өзі өмір сүріп жатқан ортаның таза әрі жайлы болуына үлес қосуы керек. Ауладағы қоқысты жинау, ағаштар мен гүлдерді күтіп-баптау, қоғамдық орындарды таза ұстау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен нәтижеге жеткізеді. Әсіресе, жас ұрпаққа табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіріп, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды үйрету қажет. Өйткені бүгінгі тазалық – ертеңгі ұрпақтың жарқын болашағының кепілі. Табиғатты аялау арқылы біз өз денсаулығымызды, өмір сүру сапасын және туған өлкеміздің көркін сақтаймыз. Барша азаматтарды экологиялық акцияларға белсенді қатысып, тазалықты күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыруға шақырамын!

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT