Туған жердің тазалығы мен көркеюі әрбір азаматтың белсенділігіне байланысты. «Таза Қазақстан» акциясы адамдарды табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға шақырады.
Тазалық жұмыстарына бірге атсалысу – тек аумақты қоқыстан тазарту емес, сонымен қатар елге деген жанашырлықты көрсету. Бүгінде экологиялық акциялар аясында аумақтарды тазалаумен қатар, көгалдандыру және ағаш отырғызу жұмыстары да жүргізілуде.
Таза көше, көрікті аула, жасыл желекке толы елді мекен – барлығымызға ортақ қуаныш. Сондықтан әр тұрғын өзінен бастап, тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыруы керек.
«Таза Қазақстан» бастамасына қолдау көрсетіп, қоршаған ортаны бірге қорғайық!
Айбекова София


