«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға және еліміздің табиғи байлығын сақтауға арналған маңызды экологиялық бастама.
Бұл акцияның басты мақсаты – туған жерімізді таза ұстау, табиғатқа жанашырлықпен қарау және өскелең ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттыру. Тазалық жұмыстарына қатысу арқылы біз қоршаған ортаның жақсаруына ғана емес, қоғамның бірлігі мен жауапкершілігінің нығаюына да үлес қосамыз. Таза көше, көрікті аула, мөлдір су мен жасыл табиғат – барлығымызға ортақ байлық.
Сондықтан тазалықты тек арнайы акциялар кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де сақтауымыз қажет.
Әрбір адам өз ауласын таза ұстап, табиғатқа зиян келтірмей, өзгелерге үлгі болуы керек. Бірігіп атқарған еңбегіміздің нәтижесінде Қазақстанымыз одан әрі көркейіп, келер ұрпаққа таза әрі әдемі ел қалдырамыз деп сенемін!


