Туған жерді таза ұстау – ортақ парыз

(0 Votes)

Қоршаған ортаны қорғау – бүгінгі күннің ғана емес, болашақтың да маңызды мәселесі. «Таза Қазақстан» акциясы халықтың экологиялық жауапкершілігін арттырып, туған жерге деген жанашырлықты күшейтуге бағытталған. 

Тазалық жұмыстарына тұрғындардың, жастардың, еріктілердің және еңбек ұжымдарының белсенді қатысуы – қоғамдағы ауызбіршіліктің жақсы көрінісі. Бір адамның жасаған тазалығы екіншісіне үлгі болып, осылайша ортақ мәдениет қалыптасады.

Бүгін тазалыққа көңіл бөлсек, ертең оның игілігін өзіміз және кейінгі ұрпақ көреді. Табиғатты аялау, жасыл желекті қорғау, қоқысты дұрыс тастау және қоғамдық орындарды таза ұстау – туған елге деген құрметтің белгісі.

Қисымов Фархад

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT