Туған жердің тазалығы әр тұрғынның жауапкершілігінен басталады.
«Таза Қазақстан» акциясы халықты бірлікке, еңбекке және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырады.
Көшені, ауланы, қоғамдық орындарды таза ұстау арқылы біз кейінгі ұрпаққа көркейген, таза елді мекен қалдырамыз деген ойдамын.


