«Таза Қазақстан» аясындағы жұмыстарға қатысу арқылы туған жеріміздің тазалығына өз үлесімізді қосып келеміз. Сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық орындардың ретке келтірілгенін көру көңілге қуаныш сыйлайды. Мұндай бастамалар тұрғындарды ортақ іске жұмылдырып, айналаға жанашырлықпен қарауға үндейді. Тазалықты сақтау тек акция кезінде ғана емес, жыл бойы әр адамның назарында болғаны дұрыс.
Әли АЙШУАҚҰЛЫ


