Құрманғазы ауданында ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы тазалық жұмыстары тұрғындардың белсенді қолдауына ие болуда. Сенбілік барысында аудан аумағындағы қоғамдық орындар мен көшелер тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Шараға қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстау — әр азаматтың міндеті екенін атап өтіп, туған жердің көркеюіне үлес қосудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, санитарлық тазалықты сақтау бағытында түсіндіру жұмыстары да жүргізілді.
Мұндай игі шаралар ауданның тазалығы мен көркеюіне оң әсерін тигізіп, тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыруда.
— Айбек Нәжімов, журналист

