«Заң мен Тәртіп» – әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қағидат. Заң бәріне бірдей болған жағдайда ғана елде сенім, тұрақтылық және қоғамдық келісім нығаяды. Сондықтан әр азамат заң талаптарын орындауды өзінің азаматтық жауапкершілігі ретінде қабылдауы қажет.
Құқықтық мәдениет отбасыдан басталып, білім беру ұйымдарында және қоғамда жалғасады. Жастардың заңды құрметтеп өсуі – елдің ертеңі үшін маңызды. Әркім өз ісіне адал болып, қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосса, құқық бұзушылықтың алдын алуға да мүмкіндік артады. Меніңше, заңды сыйлау – өзіңді де, өзгені де құрметтеудің белгісі. Осындай ұстаным қоғамда кеңінен орнықса, еліміздің болашағы бұдан да жарқын болатынына сенімдімін.
Аслан АМАНГЕЛДІҰЛЫ

